ЕАЭО елдерінің конституцияларындағы кедендік реттеу

Loading...
Thumbnail Image

Date

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Право и государство № 1 (110)

Abstract

Зерттеудің өзектілігі Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) шеңберінде кедендік реттеудің тиімді және заңды жұмыс жасауы үшін конституциялық негіздерді үйлестіру қажеттілігімен түсіндіріледі. Зерттеудің пәні – кедендік реттеу саласындағы басты қағидаттарды негіздейтін ЕАЭО қатысушы мемлекеттердің конституциялық ережелері. Зерттеу объектісі ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде кедендік реттеудің конституциялық негіздерін қалыптастыру және жүзеге асыру үдерісінде пайда болатын құқықтық қатынастар болып табылады. Зерттеудің мақсаты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердегі кедендік реттеудің конституциялық негіздерін анықтау және теориялық-құқықтық талдау, сондай- ақ интеграциялық кедендік саясатты қалыптастыру мен дамытудағы конституциялық нормалардың рөлін айқындау. Жұмыстың ғылыми жаңалығы кедендік реттеу қағидаттарын көрсететін ЕАЭО елдерінің конституциялық ережелерін жан-жақты талдауында, бұл олардың бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыруға әсерін анықтауға мүмкіндік береді. Мақалада жалпы ғылыми әдістермен қатар жеке құқықтық: салыстырмалы-құқықтық, ресми-құқықтық және жүйелеу әдістері мен құқықтық модельдеу әдістері қолданылды. Зерттеу барысында кедендік реттеу туралы ЕАЭО елдерінің конституцияларында тікелей аталмаса да, ұлттық кеден жүйелерінің жұмыс жасауы үшін мемлекеттік егемендік, сыртқы экономикалық қызмет және халықаралық шарттарға қатысты түйінді ережелер конституциялық негіздерді қалыптастыратыны анықталды. Авторлар ЕАЭО-ға қатысушы елдердің Конституциялары кедендік реттеуді мемлекеттік егемендіктің, экономикалық қауіпсіздіктің және халықаралық ынтымақтастықтың негізгі элементі ретінде жанама түрде таниды деген қорытындыға келді.

Description

Citation

Collections

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By

Creative Commons license

Except where otherwised noted, this item's license is described as Attribution-NonCommercial-NoDerivs 3.0 United States