ЕАЭО елдерінің конституцияларындағы кедендік реттеу

dc.contributor.authorМамырова С.Т.
dc.contributor.authorАлибаева Г.А.
dc.date.accessioned2026-04-10T06:11:12Z
dc.date.issued2026
dc.description.abstractЗерттеудің өзектілігі Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) шеңберінде кедендік реттеудің тиімді және заңды жұмыс жасауы үшін конституциялық негіздерді үйлестіру қажеттілігімен түсіндіріледі. Зерттеудің пәні – кедендік реттеу саласындағы басты қағидаттарды негіздейтін ЕАЭО қатысушы мемлекеттердің конституциялық ережелері. Зерттеу объектісі ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде кедендік реттеудің конституциялық негіздерін қалыптастыру және жүзеге асыру үдерісінде пайда болатын құқықтық қатынастар болып табылады. Зерттеудің мақсаты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердегі кедендік реттеудің конституциялық негіздерін анықтау және теориялық-құқықтық талдау, сондай- ақ интеграциялық кедендік саясатты қалыптастыру мен дамытудағы конституциялық нормалардың рөлін айқындау. Жұмыстың ғылыми жаңалығы кедендік реттеу қағидаттарын көрсететін ЕАЭО елдерінің конституциялық ережелерін жан-жақты талдауында, бұл олардың бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыруға әсерін анықтауға мүмкіндік береді. Мақалада жалпы ғылыми әдістермен қатар жеке құқықтық: салыстырмалы-құқықтық, ресми-құқықтық және жүйелеу әдістері мен құқықтық модельдеу әдістері қолданылды. Зерттеу барысында кедендік реттеу туралы ЕАЭО елдерінің конституцияларында тікелей аталмаса да, ұлттық кеден жүйелерінің жұмыс жасауы үшін мемлекеттік егемендік, сыртқы экономикалық қызмет және халықаралық шарттарға қатысты түйінді ережелер конституциялық негіздерді қалыптастыратыны анықталды. Авторлар ЕАЭО-ға қатысушы елдердің Конституциялары кедендік реттеуді мемлекеттік егемендіктің, экономикалық қауіпсіздіктің және халықаралық ынтымақтастықтың негізгі элементі ретінде жанама түрде таниды деген қорытындыға келді.
dc.identifier.urihttps://nara.mnu.kz/handle/123456789/2678
dc.language.isokk
dc.publisherПраво и государство № 1 (110)
dc.rightsAttribution-NonCommercial-NoDerivs 3.0 United Statesen
dc.rights.urihttp://creativecommons.org/licenses/by-nc-nd/3.0/us/
dc.subjectКедендік реттеу
dc.subjectЕуразиялық экономикалық одақ
dc.subjectКонституция
dc.subjectегемендік
dc.subjectзаңдылық қағидаты
dc.subjectсыртқы экономикалық қызмет
dc.subjectхалықаралық шарттар
dc.subjectконституциялық негіздер
dc.titleЕАЭО елдерінің конституцияларындағы кедендік реттеу
dc.typeСтатья (Article)

Files

Original bundle

Now showing 1 - 1 of 1
Loading...
Thumbnail Image
Name:
Мамырова С.Т., Алибаева Г.А..pdf
Size:
430.43 KB
Format:
Adobe Portable Document Format

License bundle

Now showing 1 - 1 of 1
Loading...
Thumbnail Image
Name:
license.txt
Size:
10.96 KB
Format:
Item-specific license agreed upon to submission
Description:

Collections