Инклюзив білім беру контексінде арнайы мектептердің рөлін қайта пайымдаудан туындайтын құқықтық коллизиялар
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Кұқық және мемлекет, № 3 (112)
Abstract
Инклюзив білім беру халықаралық құқықта тек прогрессивті педагогикалық тұжырымдама
ретінде ғана емес, сонымен қатар «Мүгедектер құқықтары туралы» Конвенцияның ережелерінен
туындайтын және мүгедектігі бар адамдардың білім алу құқығының мазмұнын айқындайтын заңды
тұрғыдан міндетті стандарт. Қазақстан Республикасы бұл Конвенцияны 2015 жылы ратификация-
лаған сәттен бастап, оның 24-бабын жүзеге асыру арқылы мүгедектігі бар балаларды қоса алғанда,
барлық оқушылар үшін сапалы жалпы білім беруге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі
халықаралық міндеттемелерді алды. Алайда осы Конвенцияның аталған бабын орындауға бағыт-
талған халықаралық мониторинг пен қысымның артуымен арнайы білім беру ұйымдарының рұқсат
етілуіне қатысты құқықтық және институционалдық тұрғыдан қарама-қайшылықтар сақталып отыр.
Бұл өз кезегінде ұлттық тәжірибенің бірізді болмауына және ғылыми қауымдастықтағы пікірталастар-
дың жалғасуына әкелуде. Зерттеудің мақсаты арнайы мектептердің құқықтық мәртебесі мен олардың
трансформациялық әлеуетін зерделеу. Зерттеудің әдіснамалық негізін 2016 жылғы № 4 Жалпы
түсіндірме мен 2024 жылы Қазақстанға қатысты «Мүгедектер құқықтары жөніндегі» комитеттің
қорытынды ескертулерін және ғылыми-эксперттік қауымдастықта қалыптасқан көзқарастарды
сыни тұрғыдан қайта пайымдауды қамтитын салыстырмалы-құқықтық талдау құрайды. Зерттеудің
ғылыми жаңашылдығы автордың арнайы мектептерді инклюзив модельге көшу кезеңінде икемді
құқықтық реттеуді қажет ететін өтпелі институционалдық тетік ретінде қарастыруды ұсынуында.
Халықаралық стандарттардың әмбебаптығы, баланың және отбасының білім беру ортасын таңдауға
қатысу құқығы мен мемлекеттің институционалдық дайындығы арасындағы құқықтық тепе-теңдік
жаңа қырынан талданып, түсіндірме ұсынылады. Халықаралық міндеттемелер мен ұлттық жүзеге
асыру тәжірибесі арасындағы қайшылықтарды ескере отырып, бала мүддесінің жоғары тұруы, білім
беру жүйесінің институционалдық инклюзивтілігін қамтамасыз етуді және отбасылардың білім сая-
сатына қатысу тетіктерін күшейтуді ескере отырып, норматив ұстанымдарды қайта қарау қажеттігі
туралы қорытынды жасалады.
Description
Citation
Collections
Endorsement
Review
Supplemented By
Referenced By
Creative Commons license
Except where otherwised noted, this item's license is described as Attribution-NonCommercial-NoDerivs 3.0 United States
