Қазақстанда балаларды отбасылық орналастырудың құқықтық ерекшелiктерi

Loading...
Thumbnail Image

Date

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Журнал "Право и государство" № 2 (111). - С. 64-72.

Abstract

Мақалада отандық заңнамада қарастырылған балалардың отбасылық құрылымының барлық нысандары ғана емес, сонымен қатар олардың құқықтық ерекшеліктері, сондай-ақ олардың бір-бірінен айырмашылығы қарастырылды. Атап айтқанда, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіндегі (бұдан әрі – ҚР Н(Е-З)жОК) балаларды тәрбиелеу нысандарының көптігіне және оның жан-жақты сипатына ерекше назар аударылуымен қатар, оның балалардың мүдделеріне сәйкес келмейтіндігіне назар аударылған. Бұл факт орынсыз болып табылады, өйткені заң шығарушы балаларды тәрбиелеуге берудің келісімдік сипатына шамадан тыс назар аударған. Іс жүзінде бұл қамқоршыларға, қорғаншыларға, патронаттық ата-аналарға, баланың қонақтайтын отбасына, кәсіби қабылдайтын отбасына көп көңіл бөлуді білдіреді деген сөз. Бұл жайт керісінше болуы керек: заң шығарушы жоғарыда аталған балалардың, олардың мүдделерін қорғау жағында тұруы керек. Биліктің тиісті тармақтары (атқарушы және заң шығарушы органдар) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, жетім балаларды, қараусыз қалған балаларды орналастырудың заңнамалық нысандарын әзірлеу кезінде, бірінші кезекте, олардың мүдделерін қорғауға міндетті. Зерттеу пәні: ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, жетім балаларды, қараусыз қалған балаларды орналастыру нысандарының мәселелері туралы айтып отырмыз. Зерттеудің мақсаты – балалардың отбасылық құрылымы саласындағы проблемаларды заң шығарушы органға жеткізу. Зерттеу барысында тарихи, салыстырмалы-құқықтық әдістер қолданылды. Ол үшін неке-отбасы заңнамасы саласында елеулі өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет. Заң шығарушыға көмек көрсету мақсатында айтылмыш мәселелерді шешудің нақты және сындарлы жолдарын ұсынады. Автор осы саладағы ұлттық заңнамаға жиі өзгерістер енгізілмеуі керек деген қорытындыға келеді, өйткені ол шатасуға және хаосқа әкеліп соғуы мүмкін.

Description

Citation

Collections

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By

Creative Commons license

Except where otherwised noted, this item's license is described as Attribution-NonCommercial-NoDerivs 3.0 United States