Жасанды интеллекттің құқықтық мәртебесі және оның құқық субъектілігі туралы даулар
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Кұқық және мемлекет, № 1 (102)
Abstract
Зерттеу тақырыбының өзектілігі жасанды интеллекттің
құқықтық мәртебесі туралы ғылыми әдебиеттерде белгісіздіктің болуынан туындайды. Бұл ғылыми мақала жасанды интеллекттің (ЖИ) қазіргі құқықтық мәртебесін талдауға және
оның құқық субъектілігін анықтауға байланысты мәселелерге арналған. Мақалада ЖИ әрекеттері үшін жауапкершілік,
құқықтар мен міндеттер, авторлық құқық пен патенттеу мәселелері сияқты негізгі құқықтық аспектілер қарастырылады. ЖИ-ті құқық субъектісі ретінде тануға қатысты заң қоғамдастығы,
ғалымдар және сала өкілдері арасында туындайтын даулар мен
пікірталастарға ерекше назар аударылады. Мақалада осы мәселелерді шешудің перспективалары ұсынылады, сонымен қатар
заманауи құқықтық контексте жасанды интеллект ерекшеліктерін барабар есепке алу үшін заңнаманы дамытудың мүмкін
бағыттары талқыланады. Зерттеу салыстырмалы-құқықтық
талдау әдісті қолдана отырып жүргізілді және осы саладағы
қолданыстағы нормативтік актілерді, заң практикасын және
академиялық жарияланымдарды талдауды қамтиды