Қазақстан Республикасында құқықты конституцияландыру: эволюция, қазіргі жағдай және заңнаманы жетілдірудің негізгі бағыттары
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл. Ғылыми мақалалар жинағы. – Алматы: «Фортуна Полиграф баспасы» ЖШС. – 426 б.
Abstract
Бұл басылым Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай
шығарылды және ұлттық құқықтың түрлі салаларындағы конституциялық құндылықтарды
одан әрі жетілдіру мен дамытудың теориялық және қолданбалы аспектілеріне арналған
ғылыми зерттеулерді қамтиды.
Авторлар Конституция мен салалық заңнама арақатынасының, адамның және азаматтың
құқықтары мен бостандықтарына кепілдіктерді нығайтудың, мемлекеттік билік пен сот
төрелігінің тиімділігін арттырудың басты мәселелеріне тоқтала отырып, Қазақстанның
құқықтық жүйесін конституционализм тұрғысынан трансформациялауды қарастырады.
Ғылыми мақалалар жинағында заңнаманы конституцияландыру негіздеріне;
демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуына;
мемлекеттік институттардың жұмыс істеуіне және олардың қоғаммен өзара іс-қимылына;
құқықтың материалдық салаларында адамның және азаматтың құқықтары мен
бостандықтарын қорғауға, сондай-ақ конституциялық талаптар тұрғысынан процестік
заңнама мен сот жүйесін дамытуға байланысты мәселелерді қамтитын кешенді зерттеулер
топтастырылған.
Басылым саясатпен, заң шығару мен құқық қолдану қызметімен айналысатын
адамдарға, практик заңгерлерге, ғалымдарға және жалпы жұртшылыққа пайдалы болады.
*Мақалалар авторлық редакцияда жарияланды. Редакция алқасы мен авторлар
ұжымы жарияланған мақалалардағы әр автордың ұстанымымен толықтай келіседі дегенді
білдірмейді.