Оңалту және банкроттық рәсіміндегі борышкердің Мәмілесін жарамсыз деп танудың құқықтық салдары: салыстырмалы талдау

dc.contributor.authorКопжасарова, С.И.
dc.date.accessioned2026-01-09T07:58:07Z
dc.date.available2026-01-09T07:58:07Z
dc.date.issued2025
dc.description.abstractЗерттеу тақырыбының өзектілігі борышкердің мәмілелерін оңалту және банкроттық рәсімдерінде жарамсыз деп тану механизмдерін және оның құқықтық салдарын жетілдіру қажеттілігімен айқындалады. Мәмілені жарамсыз деп танудың құқықтық салдарын дұрыс қолдану мүліктік массаны толықтыруға, нәтижесінде оңалту және банкроттық процедурасын экономикалық тұрғыдан тиімді етуге мүмкіндік береді. Зерттеудің пәнін борышкердің оңалту және банкроттық рәсімдеріндегі мәмілелерін жарамсыз деп танудың арнайы негіздері, тәртібі мен құқықтық салдарын реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы, сондай-ақ бұл мәселеге қатысты доктриналық көзқарастар мен Қазақстан Республикасының сот тәжірибесі және шет мемлекеттердің банкроттық заңнамасының құқықтық нормалары құрайды. Зерттеу мақсаты – борышкердің мәмілесін арнайы негіздер бойынша жарамсыз деп танудың құқықтық салдарларын зерттеу, шет елдердің заңнамасын салыстырмалы талдау, тиімді тұстарын анықтау. Зерттеу заңнаманы қолданудағы проблемалық аспектілерді анықтауға және құқықтық тәжірибені жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге бағытталған. Зерттеудің әдістемелік негізін формальды-логикалық, салыстырмалы-құқықтық, доктриналды, формальды-құқықтық тәрізді жалпы және жеке әдістер құрайды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы – оңалту және банкроттық рәсімдеріндегі борышкердің мәмілелерін жарамсыз деп тану саласындағы құқықтық салдарларды кешенді түрде салыстырмалы-құқықтық тұрғыдан зерделеу арқылы, Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіруге бағытталған тұжырымдар жасалуында көрініс табады. Зерттеу нәтижесінде банкроттық реституцияның классикалық реституциядан құқықтық табиғатының ерекшелігі қарастырылды. Сондай-ақ доктринадағы банкроттық рәсімінде борыш- кердің мәмілесі жарамсыз деп танудың құқықтық салдары ретінде тараптарды бастапқы қалпына келтірудің орнына, басқа тиімді тетіктерін қолдану бойынша мәселелер зерттелді.ru_RU
dc.identifier.urihttps://nara.mnu.kz/handle/123456789/2645
dc.language.isokkru_RU
dc.publisherПраво и государство, № 3 (108)ru_RU
dc.subjectоңалту және банкроттық, борышкер, кредитор, контрагент, мәміле жарамсыздығы, арнайы негіздер, реституция, банкроттық реституция, мүліктік масса, сальдо-өндіріп алу механизміru_RU
dc.titleОңалту және банкроттық рәсіміндегі борышкердің Мәмілесін жарамсыз деп танудың құқықтық салдары: салыстырмалы талдауru_RU
dc.typeСтатья (Article)ru_RU

Files

Original bundle

Now showing 1 - 1 of 1
Loading...
Thumbnail Image
Name:
10 статья - Копжасарова С.И.indd-1.pdf
Size:
218.78 KB
Format:
Adobe Portable Document Format
Description:

License bundle

Now showing 1 - 1 of 1
Loading...
Thumbnail Image
Name:
license.txt
Size:
11.07 KB
Format:
Item-specific license agreed upon to submission
Description:

Collections