Конституциялық теңдік қағидаттары және олардың мемлекеттік гендерлік саясат аясында жүзеге асырылуы: ғылыми талдау және практикалық қырлары

dc.contributor.authorҚұсайынқызы, A.
dc.date.accessioned2026-01-09T06:06:18Z
dc.date.available2026-01-09T06:06:18Z
dc.date.issued2025
dc.description.abstractҚазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген теңдік қағидаттары ұлттық гендерлік саясаттың нормативтік өзегіне айналды. Алайда құқықтық және институционалдық практикада бұл нормалардың толық жүзеге асуы әлі де кедергіге тап болуда. Мақалада конституциялық теңдік нормалары мен мемлекеттік саясат арасындағы алшақтықтың себеп-салдары талданып, халықаралық стандарттармен салыстыру негізінде проблемаларды еңсерудің тетіктері ұсынылады. Зерттеу құқықтық талдау мен салыстырмалы әдісті, сондай-ақ эмпирикалық деректерді қамтиды. Нәтижесінде формалды теңдік пен нақты орындалу арасындағы алшақтық анықталып, институционалдық жауапкершілікті күшейтуге бағытталған ұсыныстар әзірленді. Зерттеу конституциялық теңдік қағидаттары мен мемлекеттік гендерлік саясат арасындағы имплементациялық алшақтықты құқықтық-институционалдық тұрғыда кешенді диагностикалап, оны деректермен негіздейді. 2024 жылғы 23 шілдедегі Конституциялық Соттың № 49-НП қаулысы «теріс міндеттемелерден» «оң міндеттемелер» парадигмасына өтудің құқықтық прецеденті ретінде қайта қаралып, ұлттық көр- сеткіштер ЭЫДҰ мен БҰҰ индикаторларымен салыстырылады. Сонымен қатар, міндетті Gender Impact Assessment (GIA) мен бірыңғай гендерлік деректер реестрін институционалдандырудың нормативтік моделі ұсынылады. Зерттеу пәні: мақалада Қазақстан Республикасындағы конституциялық теңдік қағидаттары мен олардың мемлекеттік гендерлік саясат аясында жүзеге асырылуының құқықтық және практикалық аспектілері талданады. Зерттеу пәні – гендерлік теңдік нормаларының заңнамалық бекітілуі мен іс жүзіндегі қолданылу механизмі арасындағы сәйкестік және алшақтық. Зерттеу мақсаты: Қазақстандағы конституциялық теңдік қағидаттарының мемлекеттік гендерлік саясат шеңберіндегі жүзеге асырылу деңгейін бағалау, проблемалық аспектілерді айқындау және тәжірибе негізінде ұсыныстар ұсыну. Зерттеу жаңалығы: Зерттеу конституциялық теңдік қағидаттары мен мемлекеттік гендерлік саясат арасындағы имплементациялық алшақтықты құқықтық-институционалдық тұрғыда кешенді қарастырып, 2024 жылғы 23 шілдедегі Конституциялық Соттың № 49-НП қаулысы «теріс міндеттемелерден» «оң міндеттемелер» парадигмасына өтудің құқықтық прецеденті ретінде қайта бағалауға мүмкіндік береді және ұлттық көрсеткіш ЭЫДҰ мен БҰҰ индикаторларымен салыстырылады. Сонымен қатар, міндетті Gender Impact Assessment (GIA) мен бірыңғай гендерлік деректер реестрін институционалдандырудың нормативтік моделі ұсынылады. Негізгі қорытындылар: Нормалардың жеткіліктілігіне қарамастан, институционалдық жауапкершіліктің әлсіздігі, мониторингтің бытыраңқылығы және әлеуметтік-мәдени тосқауылдар де-факто теңдікке қол жеткізуді шектейді, жүргізілген реформалардың әсері тек фрагменттік сипатта қалып отыр. Тұрақты ілгерілеу үшін кешенді антидискриминациялық заң қабылдау, GIA-ны міндеттеу, бірыңғай гендерлік деректер реестрін қалыптастыру, құқық қорғау және сот органдарына арналған мақсатты оқыту бағдарламаларын енгізу, сондай-ақ арнайы құқықтық тетіктерді бекіту қажет.ru_RU
dc.identifier.urihttps://nara.mnu.kz/handle/123456789/2639
dc.language.isokkru_RU
dc.publisherПраво и государство, № 3 (108)ru_RU
dc.subjectконституциялық құқық, гендерлік теңдік, мемлекеттік саясат, құқықтық механизмдер, дискриминация, құқықтық формализм, құқықтық трансплантация, институционалдық жауапкершілік, халықаралық стандарттар, гендерлік индикаторларru_RU
dc.titleКонституциялық теңдік қағидаттары және олардың мемлекеттік гендерлік саясат аясында жүзеге асырылуы: ғылыми талдау және практикалық қырларыru_RU
dc.typeСтатья (Article)ru_RU

Files

Original bundle

Now showing 1 - 1 of 1
Loading...
Thumbnail Image
Name:
4 статья - Құсайынқызы A..indd-1.pdf
Size:
188.87 KB
Format:
Adobe Portable Document Format
Description:

License bundle

Now showing 1 - 1 of 1
Loading...
Thumbnail Image
Name:
license.txt
Size:
11.07 KB
Format:
Item-specific license agreed upon to submission
Description:

Collections